Шара мақсаты – ұжымдық рухты нығайту

Шара мақсаты – ұжымдық рухты нығайту
27.12.2018
58
Әлеумет

Шара мақсаты – ұжымдық рухты нығайту

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай желтоқсан айының 14 жұлдызы күні «KMG EP-Catering» ЖШС мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені қызметкерлері арасында интеллектуалды ойындар ұйымдастырылып, жоғарғы деңгейде өтті. Бұл шараның басты мақсаты – қызметкерлердің арасындағы ұжымдық рухты қалыптастыра отырып, ауызбіршілікті нығайту.  
Белсенді ойыншылар мен жанкүйерлер басын қосқан интеллектуалды шара «KMG EP-Catering» ЖШС-нің дене шынықтыру сауықтыру кешенінің басшысы Таумуринов Рзағалидың құттықтау сөзімен ашылды.
Серіктестік қызметкерлері сынға түскен бәсекеде бес ойыншыдан тұратын бес команда болып ойын көрсетті. Қатысушылар «Ән әлемі», «Спорт жарысы», «Мықты болсаң, тауып көр», «Оқы, оқы және оқы», «Кино», «Әлемге саяхат» атты тақырыптар бойынша билет таңдау арқылы логикалық сұрақтарға  жауап берді. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 1,2,3 орындар анықталып, оларға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Тартысты әрі қызықты өткен шарада ептілік танытып, бірінші орынды «Алатау» командасының ойыншылары иемденді. Ойын барысында спорттық шараға белсене қатысқан «Отпан» командасының ойыншылары екінші орынды, «Арлан» командасы үшінші орынды иемденді. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх