Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
13.05.2016
354
Жаңалықтар

Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

«Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС және «Бұрғылау» ЖШС

Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл толды. Бұл көп уақыт болып көрінгенімен, дүниені дүр сілкіндірген осынау дүрбелең кезеңнің қиын-қыстау сәттері күні бүгінге дейін көпшіліктің есінде екені рас. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұм соғыстың зардабын мыңдаған қала, миллиондаған адам көргені анық. Әрқашан ер есімі – ел есінде.
Осы орайда «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС, «Бұрғылау» ЖШС жас мамандарының ұйымдастыруымен бізге және ұрпағымызға бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысы ардагерлері – Қуанбай Бөбекбаев, Орынғали Сүйебаев, Ыбырай Бекпанов, Кеңесбай Еңсегенов аталарымыздың үйінде болып, жеңістің 71 жылдығымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Ардагерлер осындай айтулы мереке қарсаңында өздерінің шаңырағында әдемі дастархан дайындап, келген қонақтарды қуана қарсы алды. Ардагерлер соғыс жылдарын еске алып, өз өмір жолдарымен бөлісіп көңілдері босап, қазіргі басты байлығымыз Тәуелсіз Қазақстан және бейбіт күніміз үшін бақытты екендерін айтты. Ардагерлер жас мамандарға көңіл бөліп келгендеріне алғыс айтып, ел тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау бәрінен қымбат қазына деп, өздерінің ақ баталарын берді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх