Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
13.05.2016
308
Жаңалықтар

Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

«Өзенмұнайгаз» АҚ

9-мамыр – Жеңіс мерекесіне орай «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы және Жаңаөзен қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған мерекелік дастархан жайылды.
Мерекелік шараға Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілов, Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы Сақи Мыңбай, Жаңаөзен қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Қуандық Бекмағанбетов, «Өзенмұнайгаз» АҚ, Жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Әділ Сүйебай қатысып, ардагерлерге ізгі тілегін білдірді. 
«Компаниямыз Жаңаөзендегі жалғыз қалақұраушы кәсіпорын ретінде ұзақ жылдардан бері соғыс және тыл ардагерлеріне өзінің қамқорлығын көрсетіп келе жатыр. Мұның барлығы Отан үшін жанын шүберекке түйіп, ел қорғаған ата-әжелерімізге деген жаңаөзендік мұнайшылардың ыстық ықыласы деп білеміз. Сіздерге зор денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз» деді шараға қатысқан «Өзенмұнайгаз» АҚ, Жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Әділ Сүйебай.
Мұнан соң «Даңқ» аллеясында мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, Ұлы Отан соғысында қаза болған сарбаздардың рухына арналып Құран бағышталды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх