Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
13.05.2016
386
Жаңалықтар

Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

«Қаражанбасмұнай» АҚ

6-мамыр күні «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Е.Қайыржан Ұлы Отан соғысының ардагері Асан Аймағамбетовтың үйіне барып, еңбек ұжымы атынан майдангерді Жеңіс мерекесімен құттықтады. Ақсақалға денсаулық тілеп, мерекелік сыйлық пен ақшалай көмекті табыс етті. 
Асан Аймағамбетов 91 жаста, майданға 17 жасында (1942 жылы) Маңғыстаудан аттанған. Молдавия, Польша жерлерін азат етіп, Берлинді алуға қатысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІІ-дәрежелі «Даңқ», І-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және т.б. медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Украина қалаларын қалпына келтіруге ат салысып, 45 жыл Красноводск қаласында жүргізуші болып еңбек етті. Зайыбы екеуі 8 бала өсіріп, тәрбиелеген.
Ардагер мен оның отбасы Компания басшылығына көрсеткен ізет-ілтипаттары үшін алғыс білдірді. 
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері 7 мамыр күні Компания өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагері Стефан Безъязычныйдың да үйіне барып, майдангерді Жеңіс мерекесімен құттықтады. Ардагерге мерекелік сыйлық пен ақшалай көмек табыс етілді. 
Стефан Безъязычный 1942 жылы 17 жасында Солтүстік Кавказды қорғауға қатысып, Балтық теңізі жағалауында шайқасып, Кенигсберг қаласына дейін жеткен.
Көрсеткен ерліктері үшін ІІ-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Г.Жуков» және т.б. көптеген медальдермен марапатталған.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх