Қазгермұнай «Пайдалы тағамдармен тамақтану» бағдарламасын енгізді

Қазгермұнай «Пайдалы тағамдармен тамақтану» бағдарламасын енгізді
13.05.2016
541
Өндіріс

Қазгермұнай «Пайдалы тағамдармен тамақтану» бағдарламасын енгізді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ денсаулық сақтау, еңбек гигиенасы, өндірістегі санитария және қызметкерлерді сауықтандыру жөніндегі 2016 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес сәуір айынан бастап «Қазгермұнай» БК ЖШС-де «Пайдалы тағамдармен тамақтану» бағдарламасы енгізілді. Бағдарламаның басты мақсаты кеніштегі жұмысшылар мен бас кеңсе қызметкерлерін бұдан былай ас рационы ерекше талаптарға сай келетін тағамдармен қамтамасыз ету. Аталған бағдарламаны енгізудегі басты мақсат қызметкерлердің қалыпты өмір салтын қалыптастыруына, денсаулықтарын нығайтуға және түрлі аурулардың алдын алуға ықпал ету. Пайдалы тағамдармен тамақтану ережелерін сақтау артық салмақ, жүрек-қан тамырлары, диабет, жоғары қан қысымы және т.б. созылмалы ауруларға ұшырау  қаупін азайтады. 
Ақшабұлақ және Нұралы кеніші асханаларында тағам әзірлеуде жоғары калориялы ингредиенттерді және қаныққан май қышқылдарын (малдың майы, қатты өсімдік майларын) пайдалану ең төменгі шектеулі көрсеткішке дейін шығарылды, ас тұзын қосу шектелді, күнделікті ас рационында жемістердің, көкөністің, дән және бұршақты дақылдардың үлесі ұлғайтылды.  
Міндетті түрде барлық қызметкерлерге құрамында мыс, кальций, магний, темір, жанартас, мырш және тағы да басқа сан түрлі микро және макро элементтер бар түйе сүтінен жасалған қазақтың ұлттық сусыны – шұбат ұсынылады. 
Шұбаттың құрамындағы С, D, В1 и В2, В дәрумендері сиыр сүтіне қарағанда бірнеше есеге артық. Сонымен қатар, оның құрамында адамның жүйке жүйесі мен миына қорек беретін лактоза да  көп мөлшерде кездеседі. Басқа қышқыл сүт өнімдерімен салыстырғанда сүт өнімдерінің сіңімділігін ауырлататын казеин аз мөлшерде болады.
Биылғы жылдың 26 сәуірінде Нұралы кенішінде және 29 сәуірінде Ақшабұлақ кенішінде енгізіліп отырған «Пайдалы тағамдармен тамақтану» бағдарламасының мақсаты мен артықшылықтарын түсіндіру мақсатында компания басшылығы, Еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаменті, әлеуметтік дамыту бөлімі, Кәсіподақ ұйымы, сонымен бірге Серіктестік қызметкерлерін тамақтандыру бойынша қызмет көрсетуші мердігерлік ұйым өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Талқылау барысында тамақтану рационындағы өзгерістер, тағам әзірлеу және оның құрамына қойылатын жаңа талаптарға қатысты қызметкерлерді қызықтыратын сұрақтарға жауаптар қайтарылды.
Осылайша, компанияның өндірістік нысандары мен кеңселерінде, оның ішінде Бас кеңсе асханасында «Пайдалы тағамдармен тамақтану» бағдарламасы енгізілді. Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған тиісті мәліметтер БК және кеніштердің  әкімшілік ғимараттарының адамдар көп жиналатын орындарында (асханалар, дәліздер және т.б.) орналасқан барлық ақпараттық (әлеуметтік) панельдерінде (монитор) көрсетілуде.
Қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық көрсету – кәсіпорынның еңбек қорғау және еңбек гигиенасын сақтау саласындағы саясатының негізгі және басым бағыты болып табылады! Дені сау ұлт – біздің болашағымыз!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх