«Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы кубок иегері

«Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы кубок иегері
13.05.2016
366
Жаңалықтар

«Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы кубок иегері

23 сәуір күні «Атырау» денешынықтыру-сауықтыру кешенінде қала кбогы үшін шағын футбодан «Ембімұнайгаз» АҚ мен «ҚазТрансОйл» Батыс филиалы футбол командалары арасында ақтық сайыс өтті. 
Бірінші таймда «Ембімұнайгаз» АҚ командасы бірден екі гол салып, есеп ашты. Одан кейін «ҚазТрансОйл» командасы тойтарыс беруге талпынып, гол салды. Алайда, жанкүйерлерінің қызу қолдауымен «Ембімұнайгаз» АҚ басымдық алып, ойын 4:2 есебімен аяқталды. 
Ембіліктердің жеңіске жетуіне жүйелі жаттығу мен команданың бірлесе әрекет етуі мүмкіндік берді. Соның ішінде, «Доссормұнайгаз» МГӨБ жүргізушісі, қақпашы Ерболат Сұлтанғалиевтің және «Қайнармұнайгаз» МГӨБ операторы Арслан Жиеналиевтің шебер ойындары тәнті етті. Спорттық шағын ерлік те орын алды: бір ойыншы ауырып қалғанына қарамастан, команда абыройын түсірмей матчтың бастан аяғына дейін ойнап шықты.  
Нәтижесінде, кезекті қала кубогы мен медалін «Ембімұнайгаз» АҚ командасы қанжығасына байлады. Ойыншыларға марапатты қала қонағы, Қазақстан Футболы Федерациясы техникалық орталығының жетекшісі Қайрат Адамбеков табыс етті.  
«Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы 2013 жылы құрылған, содан бері қалалық және республикалық дәрежедегі шағын футбол ойындарында тұрақты түрде жеңімпаз болып келеді. Айта кетер болсақ, 2013 ж. – Атырау қаласының Жоғары лигасының қола жүлдегері, 2014ж. – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы ІІІ Спартакиада чемпионы, Атырау қ. Жоғары лигасының чемпионы, халықаралық «Олимп» кубогының иегері. 2015 ж. – үлкен футболдан Атырау қ. чемпионатының күміс жүлдегері, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы ІV Спартакиадасының, «Олимп» халықаралық клубының күміс жүлдегері, С.Шотықбаев және Н.Қуантыровты еске алуға арналған «Ембімұнайгаз» АҚ кубогының күміс жүлдегері. 2016ж. Атырау қаласы Премьер-лигасының қола жүлдегері. 
Футбол командасы құрамына басқару аппараты қызметкерлері мен өндірістік-құрылымдық бөлімшелерінің мұнай өндіру операторлары, электриктер, жүргізушілері кіреді.  
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх